Жуниор Кабананга ҚПЛ-дағы 50-ші ойынын өткізді

Жуниор Кабананга ҚПЛ-дағы 50-ші ойынын өткізді
«Астана» командасының 28 жастағы шабуылшысы Жуниор Кабананга қызылордалық «Қайсарға» қарсы кездесуде алаңға шығып, елордалық команда сапында Премьер-Лигадағы 50-ші кездесуін өткізді.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Жуниор Кабананга 2015 жылдың 4 шілдесінде «Астана» — «Қайсар» (2:0) арасындағы кездесудің 73-ші минутында Таңат Нөсербаевтың орнына алаңға шығып, Қазақстан Премьер-Лигасындағы алғашқы кездесуін өткізген болатын. Конго ДР құрамасының ойыншысы Премьер-Лигада өткізген 50 ойында 25 гол соққан.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ал жалпы елордалық ұжым сапында өткізген 83 ойында, Жуниор 31 гол соққан. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или