Павлодарда әкімдік қызметкерлері жарысқа түсті

Павлодарда әкімдік қызметкерлері жарысқа түсті

Павлодарда тұңғыш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында мини футболдан облыс әкімінің Кубогы сарапқа салынды.

Доп додасын Павлодар облысының футбол федерациясы ұйымдастырған болатын.
«Жұлдыз» стадионында өткен турнирге 7 команда қатысты.

Өзара екі топқа бөлінген әуесқой футболшылар қызықты да тартысты өнер көрсетті.
Нәтижесінде үшінші орын ауыл шаруашылығы басқармасынының «АПК-2017» командасына бұйырды. Ал, финалдық бәсекеде сәл ғана сәттілік жетіспеген құрылыс басқармасы мен бөлімдерінің өкілдері - «Стройтель-2017» екінші орынға лайық деп танылды.

Қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан «Жастар саясаты жөніндегі басқарма» бірінші орын иеленіп, чемпион атағын жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздар Павлодар облысы әкімінің ауыспалы кубогын қанжығасына байлады.

«Үздік қақпашы» - Валиев Марат (Құрылыс басқармасы және бөлімдері);
«Үздік қорғаушы» - Иманханов Мадияр (Құрылыс басқармасы және бөлімдері);
«Үздік шабуылшы» - Букаев Ринат (Ауыл шаруашылығы басқармасы);
«Үздік сұрмерген» - Әмірханов Ерсұлтан (Жастар саясаты жөніндегі басқарма).

Жарыстың ашылу салтанаты мен марапаттау рәсіміне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, облыстық футбол федерациясының бас хатшысы Ескендір Агиманов және «Ертіс» футбол клубының спорттық директоры Ойрат Садуов қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или