Азия жəне Океания чемпионатында астаналық бессайысшы үш медаль иеленді
Азия жəне Океания чемпионатында астаналық бессайысшы үш медальды қанжығасына байлады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
2017 жылғы заманауи бессайыс бойынша Азия және Океания Чемпионаты Жапонияның Готембо қаласында аяқталды. Жарыстар 13 қыркүйектен 17 қыркүйек аралығында өтті, оған 10 ел қатысты: Қазақстан, Корея, Қытай, Қырғызстан, Австралия, Малайзия, Үндістан, Тайпей, Таиланд және Жапония.
Әйелдер арасындағы жеке жарыстарда Астана қаласыәкімшілігінің ЖСШММ спортшысы Елена Потапенко күміс медальға ие болды, сондай-ақ әйелдер арасындағы командалық есепте Еленада қол медалі бар.
Ильяшенко мен Потапенконың дуэты тағы көзге түсті, жоғары спорт шеберлігінің астаналық мектебінің спортшылары МІХ эстафетасында қола медальдерді жеңіп алды.