Алматыда дәстүрлі «Баспалдақ- 2017» бұқаралық жүгіру жарысы өтеді
Қыркүйектің 24-і күні Алматының Медеу шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында XXIХ-шы бұқаралық «Баспалдақ-2017» бұқаралық жүгіру жарысы өтеді.
"Рухани жаңғыру" аясында өтетін жарысқа 7 жастан бастап барлық әуесқойлар , сонымен қатар, медициналық рұқсат қағазымен отбасылық командалар қатыса алады. Ең жас және ересек спортшылар (7-12 жас аралығындағы балаларжәне 70-тен асқандар)100 баспалдақты бағындыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қатысушылар 100, 200, 300, 400, 500 және 841 баспалдақпен жүгіруден бақ сынайды.
Қатысушыларды тіркеу сағат 08:00-де, ал спорттық шараның өзі салтанатты ашылу рәсімінен кейін сағат 10:15-те басталады. Әр жастық санат 10-15 адамнан белгілі бір уақытта жарыс жолына шығады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үздік нәтижелер бойынша, барлық жас ерекшеліктеріне байланысты анықтылатын болады. Олар медаль және дипломдармен марапатталады, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталады.
Аталмыш спорттық шара бұқаралық спорттың дамуына бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының және Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйыдастырылады. Сонымен қатар, жарыс демеушісі «OMRON» медициналық компаниясы.