Предраг Говедарица: Павлодарлық жігіттердің футбол ойнамайтыны жанға батады
«Ертіс» футбол клубының экс-ойыншысы, қазіргі «Ақжайықтың» жартылай қорғаушысы Предраг Говедарица Павлодарда өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұр кездесуде оралдық ұжым 0:1 есебімен жеңіске жетті.

- Бізде өте тәжірибелі бапкер бар. Біздің ойыншылардың шамасын біле тұра бізге сенім артады. Бүгін 90 минут бойы біз жақсы өнер көрсеттік.
Павлодарлық жігіттердің футбол ойнамайтыны жанға батады. Павел Шабалин, Костя Заречныйдың мықты ойыншы екенін білемін, олар туған командасы үшін ойнау керек. Жалпы, жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіргім келеді, олар үнемі қолдауын аямайды. «Ертіске» сәттілік тілеймін. Әлі де 6-7 тур бар, тырысса 18 ұпайды еншілеуге мүмкіндік бар. Бізде қазір қаражат жоқ, десе де, үйде де, сырт алаңда да ұпай жинауға болады.

- Бізде 3-4 өте тамаша мүмкіндік болды, алайда «Ертістің» капитаны шеберлік танытты. Мен үшін ең мықты қақпашы - Давид Лория. Менің баспен соққан соққымды кез-келген қақпашы алып шыға алмас еді. Давид – нағыз қақпашы, нағыз капитан.
Ойынды қортындыласақ, кешірерсіздер, бірақ, «Ақжайық» бүгін мықтырақ көрінді.

«Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі