Ашхабад 2017 - Атлеттер қалашығында Қазақстанның туы көтерілді
16 қыркүйек күні Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындары аясында Қазақстанның жалауы көтерілді.
<span>Атлеттер қалашығында өткен ту көтеру шарасына Қазақстан Республикасы Спорт комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов бастаған құрамамыз қатысты. Түркіменстан Қарулы күштерінің құрметті күзетшілері туымызды көтерді. Жарыс ұйымдастырушылары естелік сыйлықтар табыс етіп, салтанатты түрде еліміздің әнұраны шырқалды.</span>
<span>Бүгін, 17 қыркүйек күні ойындардың ашылу салтанаты өтеді. 45,000 адамға арналған орталық стадионда үлкен шоу көрсетіледі деп күтілуде. Қазақстан намысын 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қорғайды.</span>
<span>Құрамамыздың арасында Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакованың орны бөлек. Одан бөлек өзіміздің ұлттық спорт қазақ күресінен спортшыларымыз максималды түрде медаль алады деп күтілуде.</span>
<span>Жалпы, Азия ойындарына 65 елден делегациясы келіп отыр. Ойындарға арналып 40-тан астам спорттық нысандар бой көтерген.</span>