Микаэль Лустиг: Неймар Мессимен теңесе алмайды

Микаэль Лустиг: Неймар Мессимен теңесе алмайды

«Селтиктің» қорғаушысы Микаэль Лустиг «ПСЖ-ның» шабуылшысы Неймардың алаңдағы ісіне көңілі толмайтынын айтты.

Есеп 3:0 кезінде бразилиялық футболшы алаң иелерінің ойыншысына үш саусағын көрсетіп, таблодағы көрсеткішпен мазақ қылғандай болды.

«Неймар Мессимен ешқашан теңеспейді, ешқашан оған ұқсамайды да. Лионель қарсыласқа мұндайды көрсетпес еді», - деді Лустиг матчтан кейін.

Неймардың мұндай әрекетке баруы Лустигтің өте дөрекі ойнауына байланысты болуы мүмкін. Матчтан кейін Неймар Лустигтің қолын алудан бас тартқан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или