Прокуратура «Ювентустың» президентін қызметінен шеттетуді талап етті
Италия футбол Федерациясының прокуратурасы билет сатуда заңсыз әркеттерге жол берген үшін «Ювентус» клубының президенті Андреа Аньеллиді екі жылға қызметінен шеттетуді талап етті.
Football Italia порталының мәліметінше «Ювентус» клубының президентін қызметінен шеттетуден бөлек, оны 50 мың еуро айыппұл төлеуді міндеттемек. Ал клубқа 300 мың еуроға айыппұл салынып, өз алаңында өтетін екі ойынға жанкүйерлерді кіргізбеуі мүмкін. Бұл іс бойынша шешім екі аптадан соң қабылданады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или