Душан Савич ҚПЛ-ғы 100-ші ойынын өткізді
«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында «Шахтерды» 2:0 есебімен жеңді. Бұл ойын «ақ-қызылдардың» 31 жастағы шабуылшысы Душан Савич үшін Премьер-лигадағы 100-ші ойын болды.
Савич Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы ойынын 2014 жылы «Қайсар» (Қызылорда) командасы сапында өткізді. Одан кейін Душан «Жетісу», «Тобыл» ұжымдарында доп тепті.<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px;"> </span><br style="box-sizing: border-box;" /><br style="box-sizing: border-box;" />Серб қаны бар македон ойыншы «Ақтөбеге» биыл ауысып келген болатын. Савич ақтөбеліктер сапындағы алғашқы ойынында бір голдық пас беріп, командасы үшін он бір метрлік айып соққысын алып берген болатын. «Оқжетпеспен» өткен екінші ойынында Душан дубль авторы атанды.<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px;"> </span><br style="box-sizing: border-box;" /><br style="box-sizing: border-box;" />Душан «Ақтөбе» сапында 9 ойын өткізіп, 3 гол соққан, 1 голдық пас берген.<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px;"> </span><br style="box-sizing: border-box;" /><br style="box-sizing: border-box;" />«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.