Ашхабад-2017 ойындарына бір күн қалды
17-21 қыркүйек аралығында 5-ші жабық кешендегі және жекпе-жек түрлері бойынша Азия чемпионаты өтеді.
Төрт жылдықтың басты бәсекесіне Түркіменстан елі аса жоғары деңгейде дайындалыпты. Ойындар үшін арнайы салынған спорт нысандары әлемде теңдессіз болып саналады. Ашхабад-2017 ойындары үшін арнайы жүзге жуық ғимарат бой көтерген. Жарыс ұйымдастырушыларының айтуы бойынша төрт жыл бойы тыңбастан осы жобаның құрылысы жүрген.
Идеяның негізгі авторы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов. Алпауыт нысандарды шет ел компанияларымен бірігіп тұрғызған. Оның екеуі гинестер кітабына еніп отыр.

Атлеттер спорт алаңға еркін қатынасу үшін арнайы жер үсті метролары тұрғызылған. Спортшылардың денсаулығы да аса назарда. Медициналық Орталықта әлемдегі ең үздік дәрігерлер жұмыс жасамақ.
Жүзу кешендері көпфункцияналдығы жағынан және көрермен сыйымдылығы 5000-нан асатындығы жөнінен гинестер кітабына енген. Олимпиада қалашығында орналасқан субұрқақ та өзінің ұзындығы жағынан әлемдегі ең үздікгі. Халықаралық Түркіменстан әуежайы соңғы үлгіде жасалған және барлық Халықаралық талаптарға сай келеді.
Сайыстар біткен соң нысандардың барлығы де ел игілігі үшін жұмыс жасамақ. Азия ойындарының Ашхабадта өтуі елдегі жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық.
Жарыстар спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Алғаш болып 16-шы қыркүйек күні джиу-джитсушыларымыз сынға түспек. Жарыстың ашылуы 17-ші қыркүйек.
Ойындарға өзіміздің ұлттық спортымыз қазақ күресі қосылғанын айта кету керек. Ашылу салтанатына кем дегенде 15 елдің президенті келеді деп күтілуде.