«Ақтөбе» биыл жанкүйерлер санынан рекордтық көрсеткіш көрсетуі мүмкін

Биылғы жыл «Ақтөбе» командасының ойындарына ең көп жанкүйер келген футбол маусымы болуы мүмкін, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Биылғы маусымдағы біздің жанкүйерлер жайлы қызықты ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз!
-2017 жылы стадионға көрерменнің келуі 2016 жылға қарағанда 60%-ға артты.
-Биыл стадионға 2013-ші чемпиондық жылдан да көп жанкүйер келуде.
-Команда 12 орында тұрған кезде матча 11500 адам келді (бұл стадионның 95%, «Ақтөбе»-«Қайсар» матчы). Бұл Қазақстан футболының бірегей рекорды. Қазақстанның басқа қалаларында өз командасы төртінші орыннан төмен тұрса стадионның үштен бірі толмайды.
-«Ақ-қызылдар» бес ойын бойы лық толы стадион жинай алды. Бұл «Ақтөбенің» рекордтық сериясы.
- Биылғы маусымда балалар секторы кем дегенде 80 % артты.
-Сонымен қатар 13 А, 13 В, 13 С фанаттар секторына жанкүйердің келуі шамамен 30 % - ға артты.
-Жанкүйерлер бірінші қымбат тұратын жақсы орындардың билеттерін сатып алады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл билет құны біршама арзандатылды.
-Маусым басында билеттерді онлайн сатып алуды жанкүйерлердің 3-4 % алып бастады. Қазіргі уақытта барлық жанкүйерлердің шамамен 8-9 % онлайн билетпен кіреді.
-Абонемент сату көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 30 %-ға артты <br style="box-sizing: border-box;" /><br style="box-sizing: border-box;" />Стадион лық толы өткен ойындар: <br style="box-sizing: border-box;" /><br style="box-sizing: border-box;" />18 маусым «Ақтөбе» - «Астана»<br style="box-sizing: border-box;" />8 маусым «Ақтөбе» - «Оқжетпес»<br style="box-sizing: border-box;" />22 маусым «Ақтөбе» - «Қайсар»<br style="box-sizing: border-box;" />30 маусым «Ақтөбе»- «Қайрат» <br style="box-sizing: border-box;" />11 тамыз «Актобе» - «Астана» <br style="box-sizing: border-box;" />10 қыркүйек «Актобе» - «Шахтер»