Павлодар облысында 400 мектепте тоғызқұмалақтан флешмоб өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бүгін Павлодар облысының 400 білім беру ұйымында тоғызқұмалақтан бірыңғай флешмоб өтті. Оған 10 мыңға жуық оқушы қатысты.
Облыстық білім беру басқармасы тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Жанар Тәджікованың сөзіне сүйенсек, өңірде 316 тоғызқұмалақ секциясы жұмыс жасайды. Оған 4600-ден астам бала белсене қатысады.
- Бүгінгі жаппай флешмоб ұлттық спортты насихаттау және оқушыларды қызықтыру мақсатында ұйымдастырылды, - дейді бас маман. - Әрине, бұдан да бөлек, сан алуан шаралар өткізілуде. Мәселен, жазғы демалыс кезінде асық жинау акциясы өтті. Жуық арада оқушыларды асық ату ойынына қызықтыру және оны ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізіледі.
Тоғызқұмалақтан флешмоб шарасына қатысқан білім ордаларының бірі - Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 мектеп.
- Біздің мектепте тоғызқұмалақ үйірмесі 1999 жылдан бері тұрақты жұмыс істейді. Өткен жылы шахмат кабинеті ашылған. Қазір сабақтар осында жүргізіледі. Арнайы оқулықтармен жұмыс жасаймыз. Тоғызқұмалақ үйірмесіне 18 бала қатысады. Үздіктеріміздің бірі - Роза Райымбекова. Ол Қазақстан және Азия чемпионы атанған, - деді 27 жылдық еңбек өтілімі бар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Мақсұт Нұрахметов.