Чебуриннің командасы негізгі қарсыласын тас-талқан етті
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын «Судува» Литва чемпионатында «Тракайды» ірі есеппен ұтты.
Жоғары дивизионның 24-турындағы матч «Судува» стадионында өтті. Алаң иелері «Тракай» қақпасына жауапсыз бес гол соқты – 5:0.
«Тракай» 44 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында қалды. Ал Чебуриннің командасы 35 ұпаймен үшінші сатыда келеді. Бірақ «Судува» «Тракайдан» үш ойын аз өткізген. Көш басындағы «Жальгиристе» 51 ұпай бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или