Тамыздың үздіктері анықталды
Қазақстан кәсіқой футбол лигасы тамыз айын қорытындылайтын Премьер-лига, Бірінші және Екінші лигалардың бапкерлері арасында өткен сауалнама нәтижелерін жариялайды.
Бапкерлер өздері жұмыс істейтін лигалардың үздік жаттықтырушысы мен ойыншысына дауыс берді.
2017 жылдың тамыз айында өткен сауалнаманың нәтижелері:
Премьер-лига:
Үздік бапкер - Станимир Стоилов, «Астана»
Үздік ойыншы - Патрик Твумаси, «Астана»
Стоилов пен Твумаси үздіктер болып екінші ай қатарынан аталып отыр. Стоилов үздік бапкер болып үш рет таңдалды - сәуір, шілде, тамыз айларында.
Бірінші Лига:
Үздік бапкер - Владимир Фомичев, «Қызыл-Жар СК»
Үздік ойыншы - Бошко Ступич, «Қызыл-Жар СК»

Екінші Лига:
Үздік бапкер - Сергей Тимофеев, «Алтай»
Үздік ойыншы - Дәурен Кайкібасов, «Алтай»
«Алтай» ФК бапкері үшін бұл сый да маусымдағы алғашқысы емес. Ертерек ол әріптестерінің таңдауымен мамыр айының үздігі болып жарияланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или