Қазақстан ФИФА рейтингісінде төмендеп қалды

Қазақстан ФИФА рейтингісінде төмендеп қалды

ФИФА ұлттық құрамалардың қыркүйектегі рейтингісін жаңартты.

Біздің құрамамыз 21 позицияға төмендеп, 126-шы орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің басында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матчта жеңіліп қалды: 1 қыркүйекте Астанада Черногориядан ұтылып қалса, үш күннен соң поляктарға жол берді. Екі матчта да 3:0 есебі тіркелді.

Қыркүйектегі FIFA рейтингісі:

1. Германия - 1606 ұпай;

2. Бразилия – 1590;

3. Португалия – 1386;

103. Грузия – 328;

120. Литва – 266;

122. Қырғызстан – 260;

126. Қазақстан – 254;

136. Түркменстан — 221.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или