Алматыда аула командалары арасында футбол лигасы өтеді
Қыркүйек айының 17-і күні «Спорттық Алматы» жобасы аясында аула командалары арасында футбол лигасының 15-ші жарысы өтеді.

Теңбіл доп додасына сегіз жастан жоғары барлық әуесқойлары бақтарын сынай алады. Футбол ойындары «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен Алматы Энергетика және Байланыс Университеті (АЭжБУ) стадионында өтеді. Олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін және «Б» лигасы – 15 жастан жоғары.
Регламентке сәйкес, әр команда 8 ойыншыдан жасақталады. 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен бірге.
Жарысқа тіркелу ақысыз түрде ойын алдында басталады. 8-14 жас аралығындағы ойындар сағат 08:00-де, ал 15 жастан жоғары футболшылар арасындағы кездесулер – 13:00-де басталады.
Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдермен мараптталады, сонымен қатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.
«Спорттық Алматы» жобасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.
Мекен-жайы: Алматы Энергетика және Байланыс Университеті (АЭжБУ) стадионы, Байтұрсынов көшесі, 126
Уақыты:
«А» лигасы – 08:00
«Б» лигасы – 13:00
Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша:
8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов
8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев