«13 сектордың» айтып жүрген «Ай-ай-ай «Ақсәулем» әнінің орындаушысы Өктем Алтаев бүгін «Ақтөбе-Шахтер» матчының қонағы болады. Әнші бұл туралы ұшақ ішінде инстаграмында жариялады.

«Қадірлі Ақтөбе қаласының тұрғындары, «Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері! Бүгін кешкі сағат 6 да «Ақтөбе» командасы мен «Шахтер» командасы кезекті матчын өткізеді. «Ақтөбе» футбол командасының 50-жылдық мерейтойы екен бүгін. Осыған орай, Орталық стадионда, Ақтөбе қаласында үлкен мереке болады. Осы мерекеде мен ән саламын. «Ақтөбе» футбол командасының 13 секторындағы «Ақсәулем» әні гимн болған екен. Сол әнімді орындаймын. Келіңіздер, тамашалаңыздар. «Ақтөбе» алға!», - деп жазды әнші Өктем Алтаев.

Автордың сөздері қаз-қалпында берілді.