«Ертіс» – «Тобыл»: Сандар сөйлейді
Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан чемпионатының 26-турында өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдап, 1:2 есебімен қарсыласына есе жіберді. Үздік төрттікке ену үшін бақталасқа айналған қос ұжымның кездесуінде қанша рет ойын ережесі бұзылды, қанша тура соққы бағытталды?<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px;"> </span>
<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px;">«Тобыл» ойын барысында Давид Лория қақпасына жалпы саны 13 соққы бағыттаған, оның бесеуіне «Ертістің» капитаны тойтарыс берсе, екеуі голға айналған. Алғашқы соққы 5-минутта жасалды. Ең көп соққы жасаған – Луллаку, 4 рет.</span>
<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px;">Павлодарлықтар болса 12 рет қонақтардың қақпасын нысанға алған, оның ішінде 5 соққы тура орындалды. Алғашқы соққы 12-минутта жасалды. Ең көп соққы жасаған – Родриго, 3 рет. <br style="box-sizing: border-box;" />Қонақтар 90 минуттық матч кезінде 21 рет ереже бұзған екен. Үш футболшы ескерту алды: Мухутдинов, Шиков, Мирошниченко. <br style="box-sizing: border-box;" />Алаң иелері болса қарсыластарға қарағанда сауаттырақ өнер көрсетті, дегенмен, 12 рет төрешінің ысқырығын шалдыртуға мәжбүр болды. Бір ойыншы сары қағаз алды, ол – Стаменкович. <br style="box-sizing: border-box;" />Офсайд көрсеткіші – тең. Екі рет павлодарлықтар ойыннан тыс қалса, дәл сонша рет қостанайлықтар қапталдағы төрешінің шешімімен офсайд сызығына түсіп қалған. <br style="box-sizing: border-box;" />Бұрыштама көтеруден қонақтар үш есе басым. Вячеслав Грозныйдың шәкірттері 2 рет бұрыштама добын орындаса, Роберт Евдокимовтың командасы 6 рет осындай мүмкіндікке ие болған. <br style="box-sizing: border-box;" />Бір қызығы, осы ойында үш голды «Тобыл» футболшылары соқты, тек оның біреуін өз қақпаларына салған (41'Щеткин, 72'Квеквескири (автогол), 82'Кассай). <br style="box-sizing: border-box;" />Допқа иелік етуде павлодарлықтар аздаған басымдылық байқатқан: 53% - 47%. <br /></span>