Тұрысбек Бірінші лига командасына түсіп қалды

Тұрысбек Бірінші лига командасына түсіп қалды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек алматылық клубтың негізгі командасынан Бірінші лигада ойнайтын «Қайрат-А» ұжымына ауыстырылды.

Мұндай шешімге не себеп болғаны белгісіз. Бірақ Тұрысбек жаңа бас бапкер Карлос Алос Феррердің келуімен, бірнеше матч өткізген болатын. Алайда, «Қайсарға» қарсы ойында қосалқы құрамда да болған жоқ.

25 жастағы шабуылшы Бірінші лигада «Қайрат А» сапында «Шахтер-Болат» командасына қарсы 90 минут бойы ойнап, гол соқты. Сондықтан, оның жарақаттанбағаны анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или