Жерар Гоудың көлігін қой зақымдады (Фото)
ҚПЛ-ның үздік сұрмергені, «Қайрат» клубының шабуылшысы Жерар Гоу өзінің темір тұлпарын көлік жөндеу орталығына қайта кіргізуге мәжбүр.
28 жастағы ивуарлықтың Porsche автокөлігін құрбандық қой зақымдаған. Құрбан айт мерекесінде аяғын байлатпаған қой, танымал футболшының көлігіне әртүрлі зақым келтірген.


Естеріңізге салайық, 2016 жылдың жаз айында Жерардың Porsche Panamera GTS көлігін бейтаныс біреулер үшкір затпен сырып, бес әріптен тұратын боқтық сөз жазып кеткен болатын.

Жерар Гоу осы маусымда 17 голмен мергендер тізімінде бірінші орында тұр. Ал оның артында Джуниор Кабананга (15) мен Патрик Твумаси (10) орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или