Алматы мектептерінде спорттық жарыстар басталды

Жаңа оқу жылының басталуымен Алматыда «Спортық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 5-8 сынып оқушылары арасында жарыстар басталды. Олар арқан тарту, шағын футбол, баскетбол және асық атудан өзара мықтыны анықтады.
Бүгін жарыс Түрксіб ауданының №11, 31, 32, 17 орта мектептерінде өтті. Жеткіншектер 4 негізгі және қыздарға арналған екі қосымша спорт түрлері бойынша жарыс жолына шықты. 5-ші сынып оқушылары асық атудан бақ сынаса, 6-шы сыныптағы балалар шағын футболдан мен «пенальти тебуге » қатысты. Ал 7-ші сыныптағылар арқан тартудан сынға түссе, 8-ші сынып оқушылары баскетболға қатысты.
- Бізге осындай спорттық жарыстар өте ұнайды. Біз футбол ойнағанды жақсы көреміз. «Спорттық Алматы» жарыстары жиі өтіп тұрса, жақсы болар еді, - деп өз ойларымен №31-ші мектеп оқушылары Александр мен Никита бөлісті.

Бұл спорттық ойындар көтерінкі көңіл күймен және салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медалдар мен дипломдар табысталды.
<span>Айта кетер жайт, бұл спорттық жарыстардың басты мақсаты балалар және жасөспірімдердің спортқа деген қызыушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстану болып табылады. </span>
«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

