«Астана» ойыншылары Өнеркәсіп ауылындағы жаңа футбол алаңының ашылуына қатысты

«Астана» ойыншылары Өнеркәсіп ауылындағы жаңа футбол алаңының ашылуына қатысты
«Астана» капитаны Ненад Эрич пен қорғаушысы Евгений Постников Өнеркәсіп ауылындағы жаңа жасыл алаңның ашылу салтанатына қатысты.
Өнеркәсіп ауылында екі ойын алаңы бар. Алайда ол алаңдар білім беру мекемелерінің аймағында орналасқан. Ендігі кезекте жаңадан ашылған алаңда футбол ойнағысы келген кез-келген адам доп тебе алады.

Елордалық команда қақпашысы Ненад Эрич қалыптасқан дәстүрге орай, алаң алдында арнайы лентаны кессе, Евгений Постников қақпаға алғашқы соққыны бағыттады. Ашылу салтанаты соңында екі ойыншы да жас аяқдопшылармен суретке түсіп, қолтаңба берді.

Жаңадан ашылған алаңда арнайы футбол үйірмесі ашылды. Үйірмеге осы ауданда тұратын барлық балалар жазыла алады.

«Біздің балалар «Астана» ойыншыларына қатты еліктейді, үлгі тұтады. Елордалық команда ойыншыларына қарап, жас балалар бой түзейді. Бүгінгі алаңның ашылуына Эрич пен Постниковтың келуі балалар үшін керемет мереке болды» – дейді Өнеркәсіп ауылындағы футбол үйірмесін ашқан жаттықтырушы Берік Нығыман.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы әлеуметтік серіктесі – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен балалар футболының дамуына ерекше мән беріп келе жатыр.

Осы жылы футбол орталығының бапкерлері мен негізгі құрам ойыншылары бірнеше білім беру мекемелерінде ашық дене тәрбие сағатан өткізген болатын.

«Астана» президенттік клубы құрамына енетін елордалық ойыншылар жас ұрпақ арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға барынша ат салысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или