Роберт Евдокимов: Ойын сапасы айтарлықтай жоғары болды

Роберт Евдокимов: Ойын сапасы айтарлықтай жоғары болды

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Роберт Евдокимов «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде оның шәкірттері 1:2 есебімен жеңіске жетті.

— Меніңше, қос команда тарапынан да матч пен ойын сапасы айтарлықтай жоғары болды. «Ертістің» бапкері өте сауатты, ойынның басқа жүйемен жүріп жатқаны бірден байқалып тұр. Осы кездесуге дайындалу қиынға соқты, себебі, қарсылас бір ойында бір тактикамен, келесі ойынды басқа тактикамен өткізеді, сонымен қатар матч барысында да жүйені өзгерте алады. Бұл тұрғыда аздаған қиындықтардың туғаны жасырын емес.

Есеп 1:1 болған кезде «Ертіс» тамаша мүмкіндікке ие болды, алайда, бос қақпаға допты сала алмады, жалпы, қалған жерлерде біз ойлағанымызды жүзеге асырдық. Ия, шабуылдың шиеленісі, жақсы соққылар болды, дегенмен, өткір сәттерге келсек, біздің команданың басымдылығы жоғары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или