«Астана» клубтық рекордын жаңартты
«Астана» ойыншылары Премьер-Лига ойындарының 26-шы туры аясында «Атырау» командасын 7:0 есебімен тас-талқан етті.
Бұл ойын елордалық команданың тарихындағы ең ірі жеңіс ретінде тіркелді.
Осыған дейін Қазақстанның үш дүркін чемпиондары ең ірі есеппен жеңіске жеткен ойындарында 5 доп айырмасы болған еді.
2014 жылы «Астана» - «Ақтөбе» арасындағы кездесу 6:1 есебімен аяқталса, 2011 жылы «Астана» - «Қайрат» арасындағы ойында дәл осындай есеп тіркелген болатын.
Ал астаналықтар 5:0 есебімен үш рет жеңіске жеткен. 2014 жылы «Спартакты», «Ордабасыны» және 2013 жылы «Атырауды» осындай есеппен ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или