Елу жылдыққа сыйлық - жеңіс
Ел біріншілігінің 26-турында «Ақтөбе» мен қарағандылық «Шахтер» күш сынасты.
«Ақ-қызылдар» алғашқы минуттан ойынды өз бақылауына алып, жеңіске жетті. Үзіліске дейін командалар сақ ойнап, шабуылдар көп бола қойған жоқ.
Екінші таймда Руслан Валиуллин алаң иелерін алға шығарды. Кейін ойынға тыңнан қосылған Марко Обрадович айып алаңында допты кеудесімен қабылдап алып, дәл соққы жасады - 2:0.
Айта кетейік, бұл ойында ақтөбелік клуб өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.
«Ақтөбе» - «Шахтер» 2:0
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или