Түркияда жанкүйер су толы бөтелкені лақтырып, қақпашының басына дөп тигізді

Түркияда жанкүйер су толы бөтелкені лақтырып, қақпашының басына дөп тигізді

Түркия Суперлигасының 4-туры аясында өткен «Фенербахче» — «Истанбул Башакшехир» ойыны кезінде жергілікті жанкүйерлер қарсылас команданың қақпашысына бөтелке лақтырды.

Ойын кезінде жанкүйерлердің бірі су толы бөтелкені «Истанбул Башакшехир» клубының қақпашысы Волкан Бабаджанға лақтырып, басына дөп тигізді. Қақпашы ауыр жарақат алмаса да, «Фенербахче» клубына үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Матчтың өзі «Истанбул Башакшехир» командасының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или