Хосеп Гвардиола: Агуэроның шеберлігіне ешкімнің күмәні жоқ

Хосеп Гвардиола: Агуэроның шеберлігіне ешкімнің күмәні жоқ

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола шабуылшы Серхио Агуэроның соңғы кездері не себепті алаңға сирек шығып жүргенін түсіндірді.

«Агуэро бабында. Оның шеберлігіне ешкімнің күмәні жоқ. Алайда командада 20-21 футболшы бар. Барлығының ойнауға құқығы бар.

Агуэро ойнағанда ғана көңілімнен шығады деп айтуға болмайды. Мен кішкентай бала емес, үш бірдей сәбидің әкесімін. Мен тек өзім сенім білдіретін адамдарыма адал болғым келеді», — деп келтіреді Гвардиоланың сөзін Sky Sports сайты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или