Бағдат Оразалиев: Бапкердің нұсқауларын тиянақты орындадық
«Ертіс-Ж» командасының қорғаушысы көкшетаулық «Оқжетпес жастарына» қарсы өткен жеңісті матч (0:3) жайлы пікірін айтты.

— Жылдам гол соқтық, ол бізге оң пайдасын тигізді. Бапкердің берген нұсқауларын тиянақты орындап, қорғаныс шебінде сенімді ойнадық. Екінші таймда бірінші таймдағы тактиканы ұстандық, нәтижесінде, өте маңызды жеңіске жеттік.

— Бүгін біздің команда сырт алаңда қарсыластардың қақпасына үш гол салды. Мүмкіндіктерді сәтті пайдаландыңдар, көңілдеріңізден шықты ма?

— Әрине, көңіліміз қуанышты, десе де, бұдан да көп гол сала алатын едік. Бүкіл апта бойы шабуылды шарықтау шегіне жеткізу бойынша дайындалдық, еңбек жемісін берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или