Астанада тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионаты мəресіне жетті. Онда əлемнің 25 елінен 70-тен астам спортшы шеберліктерін көрсетті. Қыркүйектің 3-8 аралығында өткен халықаралық турнирді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі жəне Астана əкімдігі ұйымдастырды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
Жарыстың жабылу салтанатында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ельсияр Қанағатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Дархан Мыңбай жылы лебіздерін білдірді.
Командалық есеп
1-орын Қазақстан-1.
2-орын Қазақстан-2
3-орын Моңғолия
Жекелей есепте (классика)
Ерлер арасында
1-орын Хакімжан Елеусінов (Қазақстан)
2-орын Сайлан Матылов (Қазақстан)
3-орын Белек Мамбеталиев (Қырғызстан)
Қыздар арасында
1-орын Əсел Далиева (Қазақстан)
2-орын Жаңыл Сағынбекова (Қырғызстан)
3-орын Ақерке Кенжебекова (Қазақстан)
Жекелей есепте (блиц)
Ерлер арасында
1-орын Кубан Иброгимов (Қырғызстан)
2-орын Анарбек Джамакеев (Қырғызстан)
2-орын Сайлан Матылов (Қазақстан)
Қыздар арасында
1-орын Қымбат Нөсерова (Қазақстан)
2-орын Кенина Диана (Қазақстан)
3-орын Aseyeva Madina (Қырғызстан)
Жекелей (рапид)
Ерлер арасында
1-орын Қабиев Нұрбек (Қазақстан)
2-орын Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)
3-орын Елеусінов Хакімжан (Қазақстан)
Қыздар арасында
1-орын Лина Каримова (Қазақстан)
2-орын Əсел Далиева (Қазақстан)
3-орын Мадина Құрманбекова (Қырғызстан)