Жанкүйерлер Твумасидің «Селтик» қақпасына соққан голын тамыз айының үздігі деп таныды

Жанкүйерлер Твумасидің «Селтик» қақпасына соққан голын тамыз айының үздігі деп таныды

«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер арасында тамыз айының үздік голын анықтау мақсатында сауалнамажүргізілген болатын.

Жаз мезгілінің соңғы айында «Астана» клубы 8 гол соқты. Оның екеуі қарсылас команданың футболшысына жазылғанын айта кетейік. Зеньковичтың («Ақтөбе») өз қақпасына соққан голын сауалнамаға кіргізбесек те, Дмитрий Шомконың «Селтикке» салған голын дауыс беруге қосқанды жөн санадық.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, сауалнамаға 4500-ден астам жанкүйер қатысты. Оның 36 пайызы өз дауысын Патрик Твумасидің шотландиялық «Селтик» клубының қақпасына соққан екінші голына берді. Джуниор Кабанангадан пас алған ганалық шабуылшы қорғаушыларды шаң қаптырып, Крейг Гордон қорғаған қақпаның жақын бұрышына гол соққан еді.
Екінші орынды Шотландияның бірнеше дүркін чемпионының қақпасына соғылған Серікжан Мужиковтың голы иеленді. Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Срджан Граховацтан пас алып, қарсылас клубтың қақпа кілтін тапқан болатын.
Сауалнама бойынша үздік үштікті Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіде соққан Твумасидің тағы бір голы қорытындылады. Бұл жолы «Астана» шабуылшысына допты Дмитрий Шомко асырған болатын.

ТОП-5:

Твумасидің «Селтик» қақпасына соққан екінші голы 36%
Мужиковтың «Селтикке» соққан голы 19,6%
Твумасидің «Селтик» қақпасына соққан бірінші голы 14,2%
Тағыбергеннің «Ордабасы» командасына соққан голы 13,9%
Шомконың «Селтикке» соққан голы 9,7%

Дауыс беруге барлығы 4 574 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или