РФО: Бакаев Ресейде легионер болып саналмайды
Алматылық «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Михаил Бакаев Ресей чемпионатында легионер болып саналмайды.
Ресей футбол одағы 7 қыркүйекте отырыс өткізіп, бірнеше мәселелерді қараған. Соның ішінде «Анжидің» жаңа ойыншысы Бакаевты легионер деп санамау туралы шешім қабылданды. Себебі футболшы Ресей U-21 құрамасында ресми матчтарға қатысқан.
Айта кетейік, Бақаев алматылық клуб сапында Қазақстан азаматы ретінде ойнаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или