Леонид Слуцкий: Аршавин әнұран айтып жатып шаршап қалады деп әзілдейтінбіз
Англиялық «Халл Ситидің» бас бапкері Леонид Слуцкий футболдағы ең үздік әзілі туралы айтты. ЦСКА мен Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері алматылық «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавин туралы жиі қалжыңдайтынын айтты.
«Аршавин – 2000 жылдардағы Ресейдің үздік ойыншысы. Бірақ бәрі оны жалқау деп ойлады. Андрей ойын алдында әнұран айтып жатып, шаршап қалады да, оны ауыстырып тастау керек деп қалжыңдайтынбыз», - деді Слуцкий.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или