Шөген федерациясы қайырымдылық іс-шарасын өткізді

Шөген федерациясы қайырымдылық іс-шарасын өткізді

2017 жылдың 29 тамыз күні «AlmatyHorse&PoloClub» ат спорты кешенінде Қазақстан шөген федерациясы кезекті қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Қайырымдылық шарасына жас мөлшері 4 және 15 аралығындағы «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері мен олардың жетекшілері шақырылды. Қатысқан балалар саны – 11.

Балаларға ең алдымен ат спорты кешені бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия аясында балаларға кешендегі ат қоралар, жабық манеж, жаттығу және ойын алаңдары көрсетіліп, арнайы шөгенге үйретілген аттармен  (поло-понилермен) таныстырылым өтті.

Жалпы, іс-шара аясында «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері шөген ойынымен танысып, көшпенділердің көне ойынының негіздерін үйренді. Еліміздің жетекші шөген клубтарының бірі Astana Polo Club шөген клубының атқарушы директоры Айдын Жәкежанов және Қазақстан шөген федерациясының жанындағы Балалар шөген академиясының жаттықтырушысы Қуаныш Мұсабеков балалармен  тәжірибе бөлісіп, шөген ойынының негізгі элементтерін көрсетті.

– «Бүгін біз балаларға аттың үстінде қалай дұрыс отыру керектігін, поло таяқшасын қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетіп, поло ойынының негізгі соққыларын үйреттік. Шыны керек, бірінші сәттен бастап балалар айтқан нәрсенің барлығын өте жақсы орындады. Балаларға тәлім беру кезінде әрқашан қауіпсіздік туралы алаңдап отырасың, бірақ бүгін балалар өздерін аттың үстінде өте сенімді ұстай білді және жылқылар да балаларға мейірімді болды. Біздің кішкентай қонақтарымыз жаттығу кезінде барлық нәрсені ұқыпты орындап,  мықты және  ашық ереуілдер жасай алды. Бұл поло шынымен біздің ежелгі ойынымыз, көшпенділер ойыны екенін дәлелдейді. Ежелден-ақ ат спортының қазақ халқына жат емес екендігі бізге белгілі. Себебі, қазақтар аяққа тұрмастан бұрын, атта шабуды білген деген болжамдар бар », - деп атап өтті  Айдын Жәкежанов.            Балалардың  арнайы қысқа поло таяқшасының көмегімен допты соғуды үйренгендігін бақылау қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, балалар  арнайы темір атпен жаттығу жасап,  жаттықтырушылармен бірге аттың үстінде еркін соққы жасауды да үйренді.

Сонымен қатар, балалар аттың үстінде серуендеп, таза ауадағы белсенді демалыстан соң арнайы жайылған дастарханның қонағы болды.

Түстен кейін балалар «MEGA» ойын-сауық кешеніне барып, Chaplin кинотеатрында мультфильм тамашаласа, кейін оларға мектепке қажетті заттар сыйға тартылды.

Мұндай қайырымдылық іс-шаралар Қазақстан шөген федерациясының бастамасымен тұрақты ұйымдастырылып отырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или