Сейділдә Байшақов: Жасөспірімдеріміз - біздің болашағымыз

Сейділдә Байшақов: Жасөспірімдеріміз - біздің болашағымыз

Қазақстан Ұлттық құрамасының базасында ҚР Президенті Кубогы жасөспірімдер турнирі басталды. Осыған орай, Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейділдә Байшақов ProSports тілшісіне берген сұхбатында аталмыш жарыстың маңыздылығы жайлы айтып берді.

- Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасының Талғардағы базасында 10-шы мерейтойлы ҚР Президенті Кубогы халықаралық турнирі жалауы желбіреді. Бұл турнир не үшін қажет? Қазақстан Ұлттық құрамасы, жастар және жасөспірімдер құрамасы осындай халықаралық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтайды. Ресей, Грузия және Албания секілді мықты ұжымдар бақ сынап жатыр. Біздің жасөспірімдер үшін әрбір кездесу - үлкен тәжірибе.

Біріншіден, U17 командасының Қазақстан құрамасының болашағы. Қазірдің өзінде жасөспірімдеріміз бірінші және екінші Лигаларда өнер көрсетіп жүр. Сол себепті әрбір жарыстың маңызы зор.

Екіншіден, бұл халықаралық турнир осымен 10 рет ұйымдастырылып отыр. Он жыл бұрын бастауын алған халықаралық жарыста көптеген футболшылар шыңдалды. Бұл турнирдің деңгейі өте жоғары. Бүгін Ресей, Грузия секілді құрамалардың ойынын көріп осыған көз жеткіздік. Біздің өрендер де жігерілік танытып өнер көрсетіп жатыр.

Бұл турнирдің берері көп. Жасөспірімдеріміз шыңдала түседі, тәжірибе жинақтайды. Осылайша жастар құрамасына, артынша Ұлттық құрама дайын футболшыға айналып шығады.

Айта кетейік, осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отырған жарыста барлығы 8 команда бақ сынап жатыр. Атап өткенде: Қазақстан U17, Албания U17, Ресей U17, Қырғызстан U17, Өзбекстан U17, Грузия U17, Тәжікстан U17 және Қазақстан U16 құрамалары. Турнирдің алғашқы күні Қазақстан U17 Қырғызстан құрамасынан 1:0 есебімен басым түссе, Қазақстан U16 құрамасы Тәжікстаннан жауапсыз 6 гол жіберді. ҚР Президенті Кубогы жарысы қыркүйек айының 8-не дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или