Қазақстан құрамасы Польшадан оңбай ұтылды
2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Польшадан оңбай ұтылды.
1 қыркүйек күні Астана қаласында Черноргория құрамасына 3:0 есебімен есе жіберген Александр Бородюктің командасы Варшавада Польшадан ұтылды.
Ойын басталысымен шабуылға шыққан алаң иелері есепті 10-шы минутта Аркадиуш Миликтің көмегімен ашты. Екінші таймда Қазақстан құрамасының сапынан Роман Мұртазаев гол соққанымен, қапталдағы төреші Исламбек Қуаттың ойыннан тыс қалғанын көрсетті.
54-ші минутта Глик есепті еселесе, ойын аяқталуға бес минут қалғанда Роберт Левандовски пенальтиден есепті 3:0 жеткізді.
Әлем біріншілігі. Іріктеу кезеңі
Польша - Қазақстан 3:0 (1:0)
Голдар: Милик, Глик, Левандовски
Польша: Лукаш Фабяньски, Михал Паздан, Кжиштоф Мончиньски, Аркадиуш Милик, Роберт Левандовски, Мацей Макушевски, Камиль Гросицки, Мацей Рыбус, Камиль Глик, Петр Зелиньски, Лукаш Пищек
Қазақстан: Давид Лория, Виктор Дмитренко, Исламбек Қуат, Елдос Ахметов, Аслан Дарабаев, Роман Муртазаев, Гафуржан Сүйімбаев, Дмитрий Шомко, Сергей Хижниченко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко