Александр Бородюк: Шетелдік ойыншыға төлқұжат беріп, Ұлттық құрамаға шақыру - дұрыс емес

Александр Бородюк: Шетелдік ойыншыға төлқұжат беріп, Ұлттық құрамаға шақыру - дұрыс емес

<span>Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк шетелдік ойыншыларға Қазақстан азаматтығын беріп, Ұлттық құрамада ойнату дұрыс емес дейді.</span>

<span>— Сырттан келген шетелдік ойыншыға қазақстандық төлқұжат беріп, Ұлттық құрамаға шақыру тығырықтан шығудың жолы емес. Жергілікті ойыншыларға, соның ішінде жастарға қашанда сенім арту керек. Өйткені ол өзіңдікі, ойнай алмаса да! Менің принципім осы. Бұл – бір. Екіншіден, шақыртқан ойыншының жақсы ойнайтынына кім кепіл? Сенген адамың сеніміңе селкеу түсірсе, бәрі бекер. Үшінші – кейбір ойыншының қос төлқұжаты болуы мүмкін. Мәселен, Генрих Шмидтгаль, Меркель, Энгелдерді құрамаға тарту жайы туралы жиі айтылады. Олар Германия азаматтары. Олардың Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауға заңдық құқықтары жоқ, - деді ресейлік маман «Жас қазақ» газетінің тілшісіне берген сұхбатында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или