Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық ойын өткізуі мүмкін
Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты.
<span>«Черчесовпен сөйлесіп, қараша айында жолдастық кездесу өткізуді ұсындым. Әлі нақты емес. Бірақ көптеген құрамалар әлем біріншілігіне жолдама ала алмаған ұжымдармен жолдастық ойын өткізгісі келеді. Сол себепті іріктеу кезеңі аяқталған тұста ұсыныстар көптеп түсуі ғажап емес. Бұл бағытта федерация жұмыс атқарып жатыр</span>», — деп келтіреді Александр Бородюктің сөзін «Чемпионат» сайты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Польшаға қарсы ойын өткізу үшін Варшаваға келген. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясындағы матч бүгін 00:45-те өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или