«Алтын тұлпар» республикалық бəйгесі «Самал» атты тұлпар топ жарды

«Алтын тұлпар» республикалық бəйгесі «Самал» атты тұлпар топ жарды
Астана əкімдігінің қолдауымен ІV дәстүрлі «Алтын тұлпар» республикалық бəйгесі өтті.

Танымал ұлттық спорт түрі бойынша турнир халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі аясында Астана әкімдігі мен ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық федерация Samruk-Kazyna ұлттық әл-ауқат қорының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының, сонымен қатар EXPO-2017 ҰК қолдауымен елордада «Алтын тұлпар» аламан бәйгесін өткізді. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додада «Самал» атты тұлпар топ жарды.

Биыл аламан-бәйге форматы бірқатар өзгерген болатын. Егер бұған дейін жүгіріп өту шеңбері 12,5 шақырымды құраса, енді 7 шақырым. Қашықтық – 51 км.

Қашықтықта әр 2 шақырым сайын бақылау пункттері орналасып, онда төрешілер, ветеринарлар, құқық қорғау органдарының өкілдері болды. Бәйгенің өту барысы бейнебақылау камераларына түсірілді.

Ат жарыс тікелей эфирде және ЛЭД-экранда көрсетілді. Бәйгеге Қазақстанның барлық облыстарынан және Алматы мен Астана қалаларының командалары қатысты.

Бас жүлдеге 10 млн теңге тігілген. Сондай-ақ жүлделерді бірінші келген 9 шабандоз иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или