Қазақстан жастар құрамасы Францияға жетті

Қазақстан жастар құрамасы Францияға жетті
<h4 class="news-inner-h4">Қазақстан мен Франция жастар құрамалары арасындағы матч Ле-Ман қаласында өтеді.</h4>

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы бүгін Францияға ат басын бұрды. Черногория құрамасымен өткен ойыннан кейін Владимир Никитенко командасы Астанада бір күн аялдап, Францияға жолға шықты. 

Франция астанасына Астана - Париж әуе бағытымен жеті сағаттай ұшып келді. Кейін Парижден Ле-Ман қаласына автобуспен үш сағаттан астам жол жүрді.

Ойыншылардың барлығы алдағы ойынға дайын. Тек шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Польшада оқу-жаттығу жиынны өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатарына қосылды.

Айта кетейік, Франция мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы матч 5 қыркүйек күні өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или