Адам Навалка: Ертең үш ұпай аламыз деген ойдамын

Адам Навалка: Ертең үш ұпай аламыз деген ойдамын

Футболдан Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка ертең Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы айтып берді.   

- Физикалық тұрғыда дайынбыз. Қарсыласымызды мұқият зерттедік. Даниямен өткен ойынды ұмыттық. Бар ойымыз Қазақстанда. 

-Варшавада өткен Польша мен Қазақстан арасындағы ойында стадионның жарығы өшіп қалған еді. Мұндай жағдай қайталануы мүмкін бе? 

- Мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын. Ұйымдастыру және техника жағынан проблема жоқ. 

 - Польшаның бас бапкері қызметіндегі алғашқы жеңілісіңіз соңғы өткен Данияға қарсы ойында болды. Ертең өзгерістер бола ма? 

- Жеңіске қуанамыз, ал жеңілістен үйренетін нәрсеміз көп. Бұдан былай мұндай қателік жібермейміз. Біз үшін Копенгагендегі ойын жақсы сабақ болды. 

 - Даниядағы сәтсіздіктен кейін жігіттердің көңіл-күйі қандай? 

- Көңілсіз жүретін уақытымыз жоқ. Копенгагендегі нәтижені өзгерте алмайсың. Қазір бар ойымыз Қазақстанда. Бұл кездесуде үш ұпай аламыз деген ойдамын. Біздің команда бұл матчқа жақсы дайындалды. 

 - Қарсыласыңыз жайлы не ойлайсыз?  

- Бір жыл бұрын Астанаға жол тартқанымызда ауыр ойын күткенбіз. Олардың жасанды алаңы бізге қиыншылық тұдырды. Ертең де оңай болмайтыны анық, бірақ біз дайынбыз. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или