Қазақстандық футболшы Бундеслига клубына ауысты

Қазақстандық футболшы Бундеслига клубына ауысты

Трансферлік кезеңнің соңында қазақстандық 20 жасар футболшы Иван Саханенко немістің «Фрайбург» клубына ауысты.

Отандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, футболшы мен клуб арасында үш жылдық келісім-шарт бар. Алғашқы жылды Саханенко жастар командасында өткізеді. Егер өзін көрсете алса, кейінгі екі маусымда негізгі командада ойнайды.

Павлодар қаласының тумасы «Фрайбургте» екі жаттығу өткізіп үлгерген.

Айта кетейік, Иван бұған дейін Қазақстан жастар құрамасында ойнап, енді ұлттық командада да ойнауға дайын екенін жеткізген болатын. Өткен маусымда Германияның Аймақтық лигасында «Саарбрюкен» клубының намысын қорғады.

Бұған дейін футболшы мансабын «Қайратта» жалғастыруы мүмкін болған, бірақ ол Германия чемпионатында қала беруді жөн көрді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или