Хави «Барселонаның» трансферлік саясатын сынға алды
«Барселона» клубының бұрынғы капитаны Хави каталондық команданың трансферлік саясатына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Мен «Барселонаның» дәурені жүріп тұрған уақытта ойнадым. Қазіргі «Барселона» өзгеше секілді сезім қалдырады. Бұрынғыдай жақсы өнер көрсетеді, алайда клуб мықты футболшыларды қатарына қоса алар еді.

«Барселона» ұйқыға кеткендей. Бес-алты жыл бұрын бұл командада әлемнің үздік футболшылары ойнаған. Ал қазір «Барселонаның» пәлсапасына сай келетін бірнеше ойыншы қалды. Атап айтқанда, Месси, Иньеста, Бускетс, Альба, Пике және Луис Суарес.

«Барселона» өзінің ойын пәлсапасына сай келмейтін футболшыларды сатып алды», — дейді Хави ESPN сайтына берген сұхбатында.