Польша Қазақстанмен матч алдында ірі есеппен жеңіліп қалды
Дания құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшаны сенімді жеңді.
Копенгагенде өткен матчта алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті. Томас Дилейни (15-ші минутта), Андреас Корнелиус (42- ші), Николай Йоргенсен (59- ші) және Кристиан Эриксен (80- ші) көзге түсті.
Естеріңізге сала кетсек, Дания мен Польша құрамасы «А» тобында Қазақстанмен бірге сынға түсіп жатыр.
Жеті турдан соң турнир кестесі осындай:
Польша — 16 ұпай,
Черногория — 13,
Дания — 13,
Румыния — 9,
Армения — 6,
Қазақстан — 2.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или