«Астананың» шабуылшысы Конго ДР құрамасын жеңілістен құтқара алмады
Конго ДР құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчын өткізді.
Конголықтар топтың көшбасшысы Тунис құрамасымен кездескен. «Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананга негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді. Тунистіктер конголықтарды 2:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Конго ДР құрамасы өз тобында екінші орында келеді және келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или