Қазақстан өз алаңында ойсырай жеңілді
Футболдан Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Қазақстан мен Черногория құрамалары арасындағы ойын қонақ команданың ірі жеңісімен аяқталды.
Кездесудің бірінші таймында Марко Вешович соққан голдың арқасында Черногория құрамасы алдға шықты.
Ал екінші таймынды қонақтар қатарында Фатос Бечирай мен Марко Симич бірден гол соғып есепті 0-3 жеткізді.
Қақпаларына үш гол жіберіп алған Қазақстан құрамасы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен есепті қысқарта алмады.
<br />Қазақстан — Черногория 0:3 (0:1)
Голдар: Вешович 31 (0:1), Бечирай 53 (0:2), Симич 63 (0:3)
Ескерту алғандар: Нургалиев 21, Байжанов 52, Мужиков 74 — Симич 43
Қазақстан: Лория, Қуат, Ахметов, Жуков (Байжанов 17), Мужиков, Нұргалиев (Тұрысбек 62), Муртазаев, Суюмбаев (Тағыберген 85), Шомко, Бейсебеков, Логвиненко
Черногория: Петкович, Вукчевич, Томашевич, Вешович, Янкович, Йоветич (Зверотич 72), Бечирай (Мугоша 84), Савич, Косович (Иванич 54), Симич, Марушич