Дмитрий Шомко: Черногориямен өтетін матчта жеңістің дәмін татқымыз келеді

Дмитрий Шомко: Черногориямен өтетін матчта жеңістің дәмін татқымыз келеді

Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория команда капитаны атанып, ертеңгі өтетін матчта өзіне үлкен жауапкершілік алып отыр. Сонымен бірге Қазақстан-Черногория арасындағы кездесу алдында өткен баспасөз конференциясында Дмитрий Шомко жеңістен үмітті екенін мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болу – мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Осы сәтті пайдалана отырып баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Бір-бірімізге құрметпен қарау үшін құрама атынан татулық, мейірімділік, өркендеу тілеймін. Ертең жанкүйерлерімізді қуанту үшін бәрін жасауға тырысамыз», - деді Давид Лория.

Сонымен бірге «Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко журналистердің қойған бірнеше сұрағына жауап берді.

«Иә, біз бес күндей демалдық. Жаттықтырушы құрам тапсырма беріп отырды. Біз ел намысы үшін ойнаймыз, мұны бәрі түсінеді. Жанкүйерлер күтетін футболды көрсеткіміз келеді. Бұл әркез бола бермейді. Ұпай алуды және лайықты орынға тұрақтауды қалаймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, әр бапкердің өз талабы болады.

«Бірақ біз ертең жеңістің дәмін татқымыз келеді. Стадионның кемінде жартысы толады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Дмитрий Шомко.

Еске сала кетейік, ертең 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары кездеседі. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или