Болжам – 3,58 кэф

Болжам – 3,58 кэф

Чемпионаттар үзіліс алып, құрамалар кезегі де жетті. Бүгін Еуропа, Африка мен Солтүстік Америка елдері іріктеу матчтарын өткізеді. Кейбіріне жақсы бәс те тігуге болады.

Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу

Қазақстан – Черногория 01.09.2017, 22:00

Өз еліңнің құрамасы ойнап жатқанда, қандай да бір бәс тігу қиын. Оның үстіне, Қазақстан бұл ойында жеңеді деп тәуекелге бармағанымыз абзал. Бірақ біздің футболшылар бүгін «Астана Аренада» қарсылас қақпасына гол соға алады деген бәс ұнап тұр. Қазақстан футболшылары соңғы ойындарда Армения қақпасына ғана гол соға алмаған. Қалғандарына әйтеуір бір гол соғыпты. Черногория да соңғы төрт ойынның бәрінде гол жіберген. Бородюк шәкірттері тым болмаса стандарттардың бірін сәтті пайдалана алады деген ойдамын.

Бәс: Қазақстан гол соғады – 1.6 коэффициент

 

Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу

АҚШ – Коста-Рика 02.09.2017, 04:55

Америкалық ойыншыларға екінші орынға көтерілу үшін бүгін Коста-Риканы ұту қажет. АҚШ құрамасы шілдеде тамаша матчтар өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған болатын. Оның ішінде, Коста-Рика да шілдеде АҚШ-тан 0:2 есебімен жеңілген-ді. Америкалықтар өз алаңында қонақтардан айласын асыра алады деуге негіз бар.

Бәс: АҚШ-тың жеңісі – 1.66 коэффициент

 

Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу

Гана – Конго Республикасы 01.09.2017, 21:30

Ганалықтар үшін осы іріктеу тобы сәтсіз өтіп жатыр. Құрама топта үшінші орында келеді. Еншісінде бір ғана ұпай. Ал Конго Республикасы құрамасының жағдайы одан да нашар.  Конголықтар ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр. Сондықтан, Гана сәтсіздіктеріне нүкте қойып, өз алаңында Конгоны жеңеді деген ойдамын.

Бәс: Гананың жеңісі – 1.35 коэффициент

 

 

Сонымен бүгінгі экспресс:

Қазақстан – Черногория: Қазақстан гол соғады – 1.6 коэффициент

АҚШ – Коста-Рика: АҚШ-тың жеңісі – 1.66 коэффициент

Гана – Конго: Гананың жеңісі – 1.35 коэффициент

Жалпы – 3.58 кф

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или