MotoGP-тың тоғыз дүркін чемпионы апатқа ұшырады
MotoGP-тың тоғыз дүркін чемпионы Валентино Росси Италиядағы жаттығу жарыстары кезінде апатқа ұшырап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Бастапқы диагноз бойынша аяғының жілігі мен жілік шыбығының екі жерінен сынған, Росси ауруханаға жеткізілді», - делінген Yamaha командасының өкілдері берген ресми мәлімдемеде.
Нақты диагноз жұма күні белгілі болады. Шабандозға ота жасалуы мүмкін. Биылғы маусымның чемпион атағы үшін күресте 38 жасар Росси 157 ұпаймен төртінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или