Аслан Дарабаев: Құрамаға қайта оралу – мен үшін айтулы мереке

Аслан Дарабаев: Құрамаға қайта оралу – мен үшін айтулы мереке

Павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Черногориямен өтетін матч жайлы ойымен бөлісті. Бұл туралы «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

- Сөзсіз, құрамаға қайта оралу - мен үшін айтулы мереке. Ұлттық құраманың жейдесін киіп, намысын қорғау - үлкен абырой, бедел, сонымен қатар жағымды эмоция. Алаңға шыққанда, командаға пайдамды тигіземін деген сенімдемін.

Қарсыласқа келетін болсақ, Черногория құрамасы - бұл тек физикалық тұрғыда күшті команда емес, олар техникалық команда, мықты футболшылары да бар. Бізді қиын матч күтіп тұр. Қорғаныста ұқыпты ойнап, алдыңғы шептегі мүмкіндіктерімізді пайдалануға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или