Оливер Шаркич: «Ақтөбеде» ойнауым мүмкін бе? Мүмкін

Оливер Шаркич: «Ақтөбеде» ойнауым мүмкін бе? Мүмкін

Черногория жастар құрамасы мен португалиялық «Бенфиканың» жартылай қорғаушысы Оливер Шаркич Қазақстанға қарсы алдағы матч жайлы ойын айтты.

- Бұл іріктеудегі алғашқы матчымыз. Біз үшін бұл жаңа ел және маңызды матч. Қазақстанның басымдығы – олар өз алаңында ойнайды. Ойын жоғары деңгейде өтеді деген сенімдеміз.

- Қазақстанға бірінші рет келіп тұр екенсіз, еліміз туралы не білдіңіз?

- Шынымды айтсам, Қазақстанға сапарымыз ұзақ болды. Бұл елдің үлкен екенін, жан-жақты екенін түсіндік. Көптеген қызықты адамдарды көрдік, олардың немен тамақтанатынын, жалпы, қалай өмір сүретінін білдік.

- Былтыр Англия жастар құрамасының бас бапкері Ақтөбенің стадионы мен жанкүйерлерін «Вэст Хэммен» салыстырған болатын. Келесі жылы «Ақтөбеде» ойнағыңыз келмей ме? Айтпақшы, біз де «қызылмыз»...

- Кім біледі? Мүмкін ойнап қалармын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или